24.09.2025, 16:00
Оқылды: 178

Тасқала ауданында оқушылар арасында футболдан турнир өтті

Ел Президентінің «Спорт – халықтың денсаулығы мен рухани байлығын нығайтудың маңызды құралы. Спорт арқылы біз өзімізді жетілдіріп, бірлік пен ынтымақтастықты арттырамыз» деген сөздері аудандық спорттық шарада тағы да айқын көрініс тапты.
PHOTO-2025-09-24-11-37-46 (2)
 «Жастар» стадионында ауданның мектеп оқушылары арасында үлкен футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнир жас спортшылар үшін жаңа белестерге жол ашып, тәжірбиесін шыңдауға мүмкіндік берді. Жарысқа 11 команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Баршаңызды бүгінгі жарыстың ашылу салтанатымен құттықтаймын. Спортты жанына серік еткен, елдің байрағын биіктен желбіретіп жүрген ағаларыңызбен таныстыңыздар. Бұл кісілер спортта ғана емес, ел алдында жүрген аяулы азаматтар. Сіздер де олардың жолын жалғап, адал жолмен өмір сүріп, спортты өздеріңізге серік етіңіздер», – деді ол.
Келесі кезекте сөз алған ауданның спорт ардагері Қазыбек Кушалиев те барша командаларға сәттілік тілеп, әділ төрешілік болып, мықтылар жеңіске жетсін деген тілегін білдірді.
PHOTO-2025-09-24-11-37-48 (2)
Турнир тартысты өтті.  Қатысушылар жеңіске жету үшін барын салды. Қорытындысында «Сәулет» мектеп-лицейінің командасы жеңімпаз атанды. Ал, Мереке ауылдық округінің командасы ақтық сында есе жіберіп, екінші орынға жайғасса, Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия командасы үшінші орынды иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан диплом, кубок және медальдармен марапатталды.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале