10.02.2025, 16:30
Оқылды: 296

Тасқала ауданында «Халық заңгері» акциясы өтті

Апатының алғашқы күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Халық заңгері» атты аудандық әлеуметтік акция өткізілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметтулин арнайы қатысып, акция мақсатына тоқталды.

Халық заңгері (6)

«Баршаңызды бүгінгі акцияға қош келдіңіздер. Бұл акция республикалық деңгейде бастау алып, бүгінгі таңда барлық аудандарда өткізіліп жатыр. Мемлекеттік орган өкілдерінің халыққа қызмет көрсетуге әрқашан ашық екендігін атап өткім келеді. Кейде бір мәселені шешу үшін бірнеше мекеме өкілдерінің қатысуы қажет болады. Сол себепті, бүгін барша мекеме өкілдерін бір жерде жинап, сіздердің сауалдарыңызға жауап беруді мақсат етіп отырмыз. Акция өз мақсатына сай жемісін береді деп сенемін», - деді Рауан Бисенғалиұлы.

Халық заңгері (7)

Акцияның негізгі мақсаты аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болды. Іс-шара барысында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен білікті заңгерлер тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, оларды тегін кеңестермен қамтамасыз етті. Халық заңгері (3)

Акция аясында азаматтар мен азаматшалар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап алып, мәселелерінің оң шешімін табуға ықпал етті. Бұл шара аудан тұрғындарының тұрмысын жақсартуға өз септігін тигізгені сөзсіз.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале