Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жыл қорытындысы бойынша «Жыл премиясы-2024» шарасы өтті.
Салтанатты жиынға Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасарлары Рауан Рахметуллин мен Саягүл Галиева, «Amanat» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Шарада аудан әкімі Талғат Асқарұлы құттықтау сөз сөйлеп, жыл бойы еңбегімен ерекшеленген сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге төсбелгілер табыстады.
Алдымен «Жыл ардагері» төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында кітапхана саласының ардагері - Қажғалиева Еркінсұлу Хайрушқызы мәдениет саласының ардагері - Шөкеев Лұқпан Өтегенұлы мәдениет саласының ардагері - Меңдіғалиева Аққаным Ислямқызы
спорт саласының ардагерлері – Досщанов Сағынғали Құрманғалиұлы, Садықов Болат Хиланұлы, Ерғазиева Нұрсұлу Нахуқызы және Серік Қадыров бар.
Одан бөлек аудан мәдениеті мен спорттың дамуына үлес қосқан үздіктердің кеудесіне Талғат Асқарұлы «Жыл премиясы» төсбелгісін тақты.
Олардың қатарында Мәдениет және кітапхана саласының үздіктері, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас есепшісі Жанар Туркаева, әдістемелік бөлім меңгерушісі Анаргүл Құспанова, аудандық кітапхананың кітапханашысы Берік Ізғалиев, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Жанна Сепетова, Достық ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гүлназ Нашанова, мәдениет саласының ардагері Ақырыс Абдрахманова мен Мереке ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Ақмарал Қазиханова, халықтық хор жетекшісі Тимур Тапалов және Бірлік ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдушісі Тиур Байболатов бар.
Ал, спорт саласындағы жетістіктері үшін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэ жаттықтырушысы Нұрдәулет Саматов, халықаралық жарыстар жеңімпазы, Өзбекстанда өткен жекпе-жек ойындарының І орын иегері Мадина Қаратаева, пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы (44 кг) - Мансұр Әміржан, парадзюдодан ҚР Кубогының ІІ орын иегері - Искандер Ульданов, футболдан ҚР Кубогының жеңімпазы («Қайрат» футбол академиясы)-Мади Мұқашев,Тасқала ауданы спорт клубының спорт әдіскері - Фархат Мұқанғалиев, волейбол спорт нұсқаушысы - Арман Исқалиев, спорт әдіскері - Рамазан Ғұбайдуллин, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (қол күресі)-Ернар Туркаев, самбодан Азия және Океания чемпионатының қола жүлдегері-Қазбек Кушалиев.
Марапаттау рәсімінен кейін шара аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздар жиналған қауымға ән-күйден шашу шашып, салтанатты жиынның сәнін келтірді.
«Жыл премиясы – 2024» шарасы ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарды ынталандырып, болашақта жаңа белестерді бағындыруға жігер берді.
Назерке Шайхолла
Тасқала ауданы