7.03.2025, 18:00
Оқылды: 154

Ақтарылды аналарға ақ тілек

Халықаралық әйелдер күні жылдағысынша, Ақжайық ауданында айшықты мәнімен, ажарлы аталып өтті.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 16.54.53

Әйел-ананың қоғамда алатын ерек орны, отбасы құндылықтарын сақтаудағы шексіз еңбегі – нұрлы наурызбен бірге келген мереке мұны тағы бір жарқыратып әйгіледі.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 16.54.54

8 Наурыз қарсаңында аудан әкімі Мұрат Сердалин аналармен, арулармен жүздесті. Ауданымыздың ауыл-елді мекендерінен нәзік жандылар өкілдері келген басқосуда аудан басшысы жиналғандарға көктем мерекесіне орай игі тілегін, лебізін айтып, олардың еңбектегі, тұрмыстағы жетістіктері елдігімізді нығайтуға үлес болып қосылып отырғанын ілтипатпен әңгімеледі. М.А.Сердалин сондай-ақ ауданның бүгіндегі тыныс-тірлігі, ертеңгі межелер жайында баяндап берді.

Сосын жарқын жүздесуде әйел-ананың жанұядағы, қоғамдағы рөлі, жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты жауапкершілігі хақында ой тарқатқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мен аудандық мәслихаттың төрағасы Сәлімгерей Сиражев мерекелік жүздесуге жиналған жандарға игі тілектерін ақтарды.

WhatsApp Image 2025-03-07 at 16.54.53 (1)

Алтын құрсақты ана Сәруа Тәржманова, еңбек ардагері, кезінде трактор тізгіндеген Дәметкен Өтегенова баршаға аналық ақ батасын арнаса, Ілбішін ауылындағы бөбекжайдың қызметкері Күмісқаным Бисалиева мен тайпақтық Ақмарал Таудаева ана туралы ән әуелетті. Өзге ару-аналар да сөз алып, жарқын мерекеге толы нұрлы наурыз айына орай жиналғандарға игі лебіздерін арнады. Мереке иелеріне қызғалдақ гүлімен бірге құттықтаухат табысталды.

Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале