31.01.2025, 12:15
Оқылды: 216

Тасқала ауданында егін алқабы көбейіп келеді

Тасқала ауданы аграрлық аймақ болғандықтан, мұнда аудан экономикасының негізін ауылшаруашылығы құрайды. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауылшаруашылығын дамыту мәселесіне басты назар аударып, ішкі сұранысты толық көлемде өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

WhatsApp Image 2025-01-31 at 13.12.21

Соның нәтижесінде тасқалалық шаруаларда  бұл жұмыстарға бас назар аударып, ел экономикасының дамуына, әсіресе астық өнімдерінің артуына өз септігін тигізуде. Жалпы ауданда жылма-жыл егін алқабының көлемі артып келеді. Мысалы былтырғы 2024 жылы барлық далалық жұмыстар 50508 гектар жерде жүргізілді. Оның ішінде күздік дәнді дақылдар – 6117 гектар. Жалпы алынған өнім 7082 тонна. Орташа – өнімділік 12 ц/га ды құрайды. Жаздық дәнді дақылдарға тоқталатын болсақ жоспар бойынша 21340 гектарға егу жоспарланса, тапсырма 119 пайызға артығымен орындалып 25330 гектарға дәнді дақыл егілді.  Дәлірек айтсақ, жаздық бидай (пшеница)15500 гектардың орнына 18270 гектар егілді.  Тапсырманың орындалуы 118% құрайды.  Сондай-ақ, арпа  (ячмень),  5042 гектарға егілсе, тары (просо)   230 га, сұлы – 300 га, жасымдық (чечевица) – 415 га, дәнді құмай (сорго зерновое) 370 га  ( 231 %),ноқат (нут) – 704 гектарға егіліп, жақсы өнім алынды.

Майлы дақылдарға тоқталып өтсек мақсары (сафлор) – 3322 гектар күнбағыс 5201 гектарға егіліп, барлығы 8523 гектарды құрады. Тапсырма 79 пайызға орындалды.

Тасқала ауданы бойынша 2024 жылы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдардан 27102 тонна астық өндірілді. Егілген 31 447 гектардан, орташа өнімділігі 8,6 ц/га,  сондай-ақ,  майлы дақылдар егілген 8523 гектардан, орташа өнімділігі 7,3 ц/га. барлығы 6233 тонна өнім алынды.

2024 жылы: көкөніс  12 га, бақша 13,51 га,  картоп 22,0  га егілсе, соның ішінде  18,9 гектарға  ұжымдық бақша егіліп, көкөністен 214 тонна, картоптан 429 тонна  өнім алынды.  (картоп 17,9 га және 1,0 га көкөніс).

Күздік дәнді дақылдар 2025 жылғы жоспарға сәйкес 4400 гектарға (соның ішінде ақ бидай – 3600 га, қара бидай – 800 га) егілді.

Аудан шаруашылықтары биыл егіс жоспарына сәйкес 49318 мың гектар жерге егіс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні ауданның 84 ШҚ, 50059 мың гектарға көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу мақсатында өтініш беріп отыр. Айта кету кере, соның ішінде басым бөлігі ауылшаруашылығы дақылдары (приоритетные сельхозкультуры). Оның ішінде 12148 гектар майлы дақылдар (жоспар 10000 гектар), мал азығы дақылдары 7205 гектарды (жоспар 5500гектар) құрап отыр.

Сондай-ақ, Тасқала ауданы бойынша 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 8 түрі өндіріледі, Олардың қамтылу деңгейіне тоқталсақ, нан – 87,5%, картоп – 20,8%, сәбіз – 42,4%, пияз – 25,3%, қырыққабат – 119,2%, сиыр еті – 478,9%, тауық еті – 4,5%, тауық жұмыртқасы – 2,3 пайызды құрайды.

Алдағы уақытта да бұл жұмыстар тоқтап қалмай жалағасын табатын болады

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале