28.02.2025, 10:45
Оқылды: 386

Казталовтық жастар жеңіс тұғырынан көрінді

Кеше Шыңғырлау ауданында Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының қызметкерлері арасында спорттық спартакиада өтті.

image-28-02-25-12-50

Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандарынан құралған 9 команда қатысып, 5 спорт түрінен өзара бақ сынады.

Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар ерлер арасында шағын футбол, кермеге тартылу, қыздар арасында қол күрес, садақ ату және үстел теннисінен өзара сынға түсті.

image-28-02-25-12-50-2

Іс-шараның ашылу салтанатына БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аңсар Ибраев, Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

image-28-02-25-12-50-1

Нәтижесінде дәстүрлі спартакиададан Казталов аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқағали Шоқпанов бастаған команда 1 орынға ие болды.

Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале