3.05.2018, 12:14
Оқылды: 279

Тасқала ауданының құрылған жылы анықталды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің XXIV отырысы өтті. Оған аудан әкімі С.Әлиев пен  аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, сондай-ақ мекеме басшылары мен кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Алдымен 2017 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекованың жылдық есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Тасқала ауылдық округінің  қоғамдық  жиналысының регламентін бекіту туралы» мәслихат шешімі бойынша ауылдық округ әкімі Ж.Ахметов баяндады.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе  Тасқала ауданы бойынша «2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобасымен білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев таныстырды.

Сонымен қатар қоғамдық кеңес  хатшысы Т.Ержігітова  еңбек ардагері Г.Хисаметдиновтың  Тасқала ауданының құрылған жылын анықтау бойынша жазған хатына орай  оның пікірін қоғамдық кеңес талқысына ұсынды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі С.Әлиев осы  мәселе бойынша  бірауыздан нақты бір датаға тоқталу керектігін тілге тиек етті. Жиналғандар мұрағат құжаттарына сүйене отырып, барлығы бірауыздан 1933 жыл деген тоқтамға келді.

Назгүл ЖАРДЕМОВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале