2020 жылдың 16 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер А.Жамалов, С.Имашева, Ж.Жақсығалиев, М.Құлшар, С.Сүндетованың қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.
Тұрғындардың өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының
сайлау қоры қаражатынан төленді.