5.06.2024, 10:45
Оқылды: 21

Тасқалада 320 орындық спорт кешені салынып жатыр

Бүгін Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, аудандық спорт клубтың басшысы Махамбет Дюсенбиев аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты.

F091D820-FFA6-4661-BA36-E5136885B2A2

«Аталмыш құрылыс нысаны 2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға түзету жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өтті. КПО б.в компаниясы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін тендірлік рәсімдер жүргізіп, мердігер мекеме болып «QS Capital Construction» ЖШС-гі танылған болатын. Құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталды. Жоба бойынша құрылыстың мерізімі 14 ай. Қазіргі таңда құрылыс алаңында абаттандыру және ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асхат Ибраев.

Құрылыс нысандарын аралап көрген аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы құрылыс жұмысын тиянақты жасауға шақырды.

Сонымен қатар құрылысты тұралатпау қажеттігі мен аталған ғимаратқа қазіргі заманның талабына сай құрылыс жобасының сәтті аяқталуын тіледі. 

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале