19.04.2025, 9:00
Оқылды: 199

Тасқалада 700 түп тал егілді

Ата-бабамыз «артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаса керек. Өйткені бабаның артында тал қалдырғаны, өзіне ат қалдырғаны. Жалпы Тасқала ауданында ауыл-аймақты абаттандыру, көркейту жұмыстары кең етек алып келеді. Оның нақты көрінісі көшелердегі егілген талдар мен әдемі гүлдер.

IMG-20250418-WA0058

Бүгінгі егілген тал, шыбықтар ертеңгі күні ауданымыздың келбетіне сән беріп тұратын саялы ағашқа айналып кетуі ел болып жасаған жұмысымыздың жемісі болмақ. Осыны жақсы түсінген тұрғындар бүгінгі тал егу үрдісіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, аудан әкімшілігінен бастап барлық мекеме ұжымдар өздеріне бөлінген учаскелерде терек егіп, үлкен жұмысты атқарды.

IMG-20250418-WA0064

«Терек егу жұмыстары екі бағытта жүргізіліп жатыр. Егілетін талдар демеушілер көмегімен алынды. 250 тополь, 60 тан астам долана, 200 дей қарақат, 100 өрік барлығы 700 терек егілуде. Бүгінгі тал егу жұмыстары барлық мекеме атсалысуда», - дейді Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Серікұлы.

IMG-20250418-WA0057

Гүл Нұр
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале