27.03.2024, 14:45
Оқылды: 25

Тасқалада «Ашық есік күні» өткізілді

Бүгін Тасқала аудандық «Самғау» коворкинг орталығында аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға «Ашық есік күні» өткізілді.

ашық есік күні 1

 Шараға консультативтік-кеңесші органның комиссия мүшелері қатысты. Биыл пробация және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру үшін аудандық бюджеттен 1 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп жатыр.

ашық есік күні 3

Дәлірек айтқанда жыл басынан бері 2 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген. 2024 жылдың есепті күніне пробация есебінде 19 адам, соның ішінде жұмыс іздеп жүгінгендер саны – үш адам болса, оның біреуі қоғамдық жұмысқа тартылған. Сондай-ақ аудан бойынша 2024 жылы пробация есебінде тұрған адамдарға үш орын белгіленген.

Ашык есік күні аясында шараға қатысушылар комиссия мүшелеріне өздерін толғандырған жер, медициналық көмек, оқу мен жұмыс мәселесі және әлеуметтік көмек туралы сауалдарын қойып, жауап алды.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале