17.05.2017, 19:29
Оқылды: 102

Тасқалада автокөлік отқа оранды

Screenshot_2017-05-17-21-36-01-116 мамырда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19 сағат 03 минутта Тасқала ауданының орталығындағы "Найла" дүкенінің алдында Volkswagen Vento жеңіл автокөлігі отқа оранды.


Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер бірден іске кірісті. Өрттің электр тогының тұйықталу себебінен орын алғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда автокөліктің иесі Т.-ға өртке қатысты хаттама толтырылды. Енді тиісті шара алынатын болады.

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале