30.04.2024, 19:00
Оқылды: 70

Тасқалада «Біз біргеміз» жалпыұлттық мерекелік шарасы өтті 

Бүгін Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында елін топан судан аман алып қалған жерлестерімізге құрмет көрсету мақсатында «Біз біргеміз» жалпыұлттық мерекелік шарасы өтті.

шара үлкен зал (3)

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі жиналған қауымды құттықтап, су тасқынын алдын алу жұмыстары кезінде ауызбіршілік танытқан азаматтарға алғысын білдірді.
«Биылғы көктем көпшіліктің есінде ұзақ сақталары анық. Наурыз айының аяғы тасқалалықтарға оңай соқпады. Ұйқы мен күлкіні ұмыттырған қарғын судың қарқыны қатты еді. Ұйымдастырылған жүйелі жұмыс пен жұдырықтай жұмылған ауыл азаматтарының текпіні елдің амандығына себепші болды. «Бірлігі бекем елдің алмайтын асуы жоқ. Біз жұдырықтай жұмылғанда күшіміз артып, қиындықты жедел еңсердік. Топан судан елін толағайша қорғаған жандар шынымен де құрметке лайық. Сумен күреске белсенділік танытқандардың бірі тасқалалықтар. Ауданның су тасқанын бірлігіміз бен ұйымшылдығымыздың арқасында алдын алдық. Күні-түні жасаған еңбегіміздің арқасында елді судан аман алып қалдық. Баршаңызға алғысымды білдіремін. Әрқашанда бірлігіміз жасай берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз тыныш болсын. Тек жақсылықта, бейбітшілікте кездесейік»,-деді аудан әкімі Талғат Асұарұлы.

шара үлкен зал (1)

Одан әрі сын сағатта тасада қалмай, толарсақтан су кешіп, мұзбен арпалысқан жандарды, волонтер болып құм қаптап, дамбы тұрғызған дара тұлғаларды, жомарттықтың ерен үлгісін көрсетіп, өзге аудандағы ағайынға қолұшын созған бір топ азаматтар аудан әкімінің алғысхатына ие болды.

шара үлкен зал (2)
Іс-шара аудандық мәдени-демалыс орталығының мерекелік шағын концертімен жалғасын тапты.

Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале