4.04.2025, 17:15
Оқылды: 351

Тасқалада "Денсаулық фестивалі – 2025" шарасы өтті

7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай аудан орталығында жаяу жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Алдымен, Абай алаңында «Денсаулық фестивалі – 2025» спорттық шарасының ашылуы өтті.
b0338ff6-2eb8-4fda-ab71-9859c06579a6
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, спорт саласының ардагері Қайыржан Баймағанбетов, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева,қоғамдық кеңестің төрағасы Ганмирлан  Тұрғаналиев,мекеме қызметкерлері  қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева  ашып, жарысқа қатысушыларды денсаулық күнімен құттықтады. Одан әрі жиналғандар төрешімен бірге жаттығу жасады.
b3de5a3c-a4f9-4d22-8ea7-3b3b5639093e
Шараның мақсаты спортпен шұғылдану, жаяу жүрісті әдетке айналдыру және өмір сапасын арттыру болатын. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы  берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.
f9b32831-2311-444b-b072-f204b0f0b527
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық  сипатын дамыту-мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының  бірі.Аталмыш  шара “Абай”ескерткішінен «Азалы ана» ескерткішіне дейінгі аралықты жүгіріп өткен қатысушылар жарыс нәтижесінде ерлер арасынан І орынды Қайырбек  Давлетов иеленсе, ІІ орынды Нұрлан Тасқалиев иеленді. Ал, ІІІ орын Рамир Туысывке бұйырды. Қыздар арасында   Назира Диланова жеңімпаз атанса, ІІ орынды  Зейнегүл Давлетова еншіледі . ІІІ орын Ботакөз Наурызалиева  бұйырды.Ал, ең егде қатысушы Қайыржан Баймағанбетов алса, ең жас қатысушы  Ахмет Ажғалиевке бұйырды.Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлмира Мақанова, 
Тасқала ауданы
ec570bbf-89e4-4650-ba98-5a367e43f6b7 846ae904-929f-46c1-bb70-ee3485422153 cdc18365-bade-49a5-9223-559330654553 78dcb5ea-ca1c-4d7c-9ae9-ac4faba856fe
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале