5.09.2024, 12:01
Оқылды: 97

Тасқалада «Елге сәлем» ән кеші өтті

Әр жыл сайын Президентіміз өзінің халыққа жолдауында отбасы құндылығы жайында тақталып келеді. Үлгілі отбасыларды кеңірек насихаттап, оларды халық арасына таныстыру бағытында тапсырмалар берілген болатын. «Мықтының барлығы ауылдан шығады» деген ұғымда бекер емес.

E3167336-EEB7-4A68-9196-25FFB3B8FBC7

Жуырда Қазақстан ауылдық округінде керемет кештің куәсі болдық. Өңірімізге, тіпті республикаға танымал Биғалиевтер отбасылық ансамблі әннен шашу шашты. Ұлы композиторлардың шығармаларын орындаған ансамбль мүшелеріне көрермен қол соғып, қошемет көрсетті. Әртүрлі аспаптардың құлағында ойнайтын ағайынды Арман мен Руслан өздерінің ұл-қыздарын да сахнаға ерте шығып халықты әнмен сусындатты.

EF0F6888-9FE2-4477-AFB6-E5D9E983F45F

«Бүгінгі біздің халыққа тарту еткен «Елге сәлем» атты ән кешіміз өзге аудандар мен ауылдарда жалғасын табатын болады. Сапарымызды Атамекен ауылынан бастап жатырмыз. Күні кеше «Конституция күні», «Білім күні» және алда «Тіл» мерекелері аталып өтуде. Осы мерекелерді ұштастырып, атамекендіктерге әндерімізді жолдадық. Биылғы жыл өздеріңіз білетіндей су тасқыны болып бірнеше ауданымыз зардап шекті. Жуық арада сол аудандарға да барып тегін концерттік бағдарламамызды ұйымдастырамыз. Осындай қиын қыстау кезеңдерде халықтың рухын көтеріп, көңіл-күй сыйласақ, өнерімізбен болсада демеу болсақ деген ниетпен Атамекен ауылына келіп қалдық. Ансамбль мүшелігінде жан-жарым, балаларым мен немере, жиендерім бар. Өздеріңіз білетіндей осыдан біраз жыл бұрын республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасына да қатысып қайттық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, халқымызды қиын шақта бір-бірін демеп, қолдау білдіру ата-бабамыздан қалған дәстүр. Сол дәстүрімізді жоғалтпай әрқашан қолдау білдіруіміз керек дегенді айтқан еді. Отбасылық ансамбль сонау 1978 жылы құрылды. Ол кезде мен жас болатынмын. Алматыдан жоғарғы оқуды бітіріп келген жас маман едім. Ауылдағы автоклубтың меңгерушісі қызметін атқардым. Кейін мәдениет үйінің директоры қызметіне ауыстым. Содан бері халық алдында қызмет етіп келеміз. Жолдасым екеуміз балаларымызды ертіп жүріп өнерге баулыдық. Басты ұстанымымыз ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Біздің мақсатымыз тек сахнада ән салу ғана емес, басқада шаруаларға араласып демеушілік танытып, халыққа азда болсада пайдамыз тисе екен деген ниетіміз бар. Елдің татулығы мен бірлігі арта берсін. Еңбек ардагері ретінде кейінгі ұрпаққа тілерім сол», - деді Казталов ауданының «Құрметті азаматы», медиатор, Биғалиевтер ансамблінің жетекшісі Марат Қалиұлы.

AF038ED1-E4F3-4450-837F-768CE87D42B9     

Арман Маратұлының аспапта орындаған әндердің үзіндісін көрерменнің арасынан суырылып шығып, кештің көрігін қыздырды. Одан бөлек жас жеткіншектерге мақал-мателдер жасырылды. Мақалдардың екінші бөлігін тапқан оқушыларға ансамбльдің атынан бағалы сыйлықтар үлестірілді. Ағалы-қарындас Руслан мен Айгүл Биғалиевтердің орындаған «Әкешім-анашым» әніне көрермен қосыла шырқады. Қазақ әндерінен попурри орындаған аталмыш ансамбль мүшелері де қошеметке бөленді.

Концерттік бағдарлама барысында аға буынның сағынышына айналған әндерді орындап, сонау тоқсаныншы жылдарғада барып қайтты. Атамекен ауылындағы ән кешінің шымылдығы «Атамекен» әнімен жабылып, көрермен қимастықпен тарқасты. 

Темірболат Әнуарұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале