Бүгін Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин батыр ана Алтынай Уразалиеваны қабылдап, «Алтын алқамен» марапаттады.
Сонымен қоса Ақтау ауылының тұрғыны Гүлістан Салимоваға «Күміс алқа» табыс етті.
– Бүгін жақсы себептермен жиналудың сәті түсіп тұр. Сіздер өмір сыйлаған батыр анасыздар. Сол себепті дәл қазіргі сәтте Президенттің атынан «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыс етуге рұқсат етіңіздер. Осы жерге жиналып сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасқанды жөн санадық. Жалпы халықтың демографиясын көтеруге атсалысқан өздеріңіздей аналарды кейінгі жастарға үлгі етуіміз керек. Жанұяңыз көбейе берсін. Дендеріңізге саулық, балаларыңыздың қызықтарын көре беріңіздер дегім келеді. Сіздерге мызғымас береке-бірлік тілеймін, - деді Рауан Рахметтулин.
Кейін қос анаға салтанатты түрде «Алтын алқа», «Күміс алқа» мен естелік сыйлық табыс етті.
Гүлмира Мақанова
Тасқала ауданы