16.06.2024, 12:00
Оқылды: 191

Тасқалада Құрбан айт мерекесіне орай спорттық жарыстар өтті

Бүгін таң сәрімен Тасқала аудандық мешітінің наиб имамы Айдын Ибрашев уағыз айтып, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

IMG-20240616-WA0021

Қасиетті Құрбан айт – мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт – сөзі «әл-ғиду» сөзiнен шығып, мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті «Құрбан айт» күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлау – тақуалық белгілерінен, – деп наиб имамы Айдын Ибрашев ұлық мейрамның әдептеріне жеке-жеке тоқталды.

InShot_20240616_115834662

Айт намазы оқылғаннан кейін Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, жылдағы дәстүр бойынша аудандық мешіттің алдында спорт клубының мамандары ұйымдастырған спорттық іс-шара өтті.

InShot_20240616_115703890

Айт мерекесіне арнайы ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. Атап айтар болсақ, табан тартыс, қол күресі, арқан тартыс, садақ ату және қой көтеру секілді ойын түрлерінен өткен тартысты ойынның нәтижесінде табан тартысынан бірінші орынды Қамбар Рахметов иеленсе, екінші орынды Болат Смагулов және үшінші орынды Радион Ажгереев қанжығаларына байлады.

Қол күрестің жеңімпазы болып Болат Смагулов танылса, Мансур Шекаев пен Ризабек Неткалиев екінші, үшінші орындарды жеңіп алды.

Арқан тартыста Ақтау ауылының жамағат жігіттері қарсылас шақ келтірмесе, «Спарта» командасы екінші, «Жастар» командасы үшінші орынға ие болды. Әрі қарай садақ атуға көшкен жамағат бірінен бірі өтетін сайысқа қатысушылардың ішінен Ризабек Неткалиев бірінші орынды бермеді, екінші орынды Ильяс Бермуханов иеленсе, үшінші орынды Артур Шурен жеңіп алды. Ойын соңын қой көтерумен аяқтаған жамағаттың ішінен сайыста Радион Ажгереевке тең келер жан болмады. Жеңімпаз 44 мәрте рет көтерген қойды қанжығасына байлады.

InShot_20240616_115748941

Шара соңында ұлтты ұйыстырған мерекенің жеңімпаздарына диплом және естелік сыйлықтар табысталды. Ауызбіршіліктің үлгісін көрсеткен жамағат бір-біріне жылы тілектерін, ықылас ниеттерін білдіріп, мешіттің ұжымына ризашылықтарын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале