23.08.2026, 7:20
Оқылды: 22

Тасқалада Құрылтайға белсенділікпен дауыс берілуде

Құрылтай - халықтың көкейіндегі өзекті мәселелер талқыланып, ел дамуының бағыт-бағдары айқындалатын маңызды қоғамдық алаң. Мұндай басқосуларда ел мен жердің, қоғам мен халықтың болашағына қатысты келелі мәселелер көтеріліп, жұртшылықтың ұсыныс-пікіріне кең орын беріледі. Бұл ретте аудан тұрғындарының да қоғамдық өмірге белсене араласуы айрықша мәнге ие.
Аудан орталығындағы №330 учаске таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Таңмен таласа келген тұрғындар ел өміріндегі маңызды қоғамдық іске белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Ашылу рәсімі салтанатты түрде өтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
image-23-08-26-07-17-1
Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева және аудан әкімінің орынбасарлары болды.
image-23-08-26-07-17-3
Аудандық сайлау комиссиясының  мәліметінше, аудан көлемінде 1 аумақтық және 22 учаскелік комиссия жұмыс істеуде. Жалпы саны 133 комиссия мүшесі саяси науқанды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына тартылған.
Барлық учаскелер белгіленген тәртіпке сәйкес таңғы сағат 7:00-де ашылып, тұрғындарды қабылдауда. Дауыс беру үдерісі кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
image-23-08-26-07-17
Құрылтайдың басты мәні - елдік мүддені алдыңғы орынға қойып, қоғамдағы өзекті мәселелерді ортақ талқыға салу. Ел болашағына қатысты әрбір бастама халықтың қолдауына, азаматтардың белсенді ұстанымына сүйенгенде ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан мұндай маңызды қоғамдық жиындар ел мен халық арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды тетік болып қала береді.
Бекжан Өтемісов,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале