14.06.2024, 21:00
Оқылды: 54

Тасқалада медицина қызметкерлері ұлықталды

Дәстүрге сәйкес жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің күні аталынып өтіледі. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді.

Кәсіби мерекеге қарсаңында Тасқала аудандық мәдениет мәдени демалыс орталығында мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімі Талғат Шакиров, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, сала ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты.

2

Мерекелік шара барысында аудан әкімі Талғат Асқарұлы барша медицина саласының қызметкерлеріне мерекелік тілегін білдіре отырып, осы салада жемісті еңбек етіп, нәтижелі жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге Алғыс хат  табыстады.

4

Медицина саласына қосқан орасан зор еңбегі үшін Облыс әкімінің Алғыс хатымен Бибігүл Мусина марапатталса, бір топ сала мамандары аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Медицина саласының қызметкерлеріне көрсетілген кеште мерекелік марапат одан әрі жалғасты. «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Люция Әсетқызы Айдана Қажғалиева, Бауыржан Нәбиуллин, Ақмарал Жұбаназарова, Гүлнар Қалиеваға  Алғыс хат табыс етті.

3

Келесі кезекте аудандық аурухана директоры Руслан Бралов, «Сенім» кәсіподақ ұйымының төрайымы Аңсағаным Бақтыгереева бірқатар сала мамандарын, зейнет жасына шыққан мамандарды, 40-45-50-60 жасқа толған атаулы туған күні иегерлерін Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Салтанатты шара аудан көркем өнерпаздарының мерекелік ән-шашумен ұласты.

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале