Тәуелсіздік күніне орай «Мереке» мектеп-бөбекжай-балабақша кешені ғимаратында жастар ресурстық орталығы және аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы мамандарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел ертеңі, жарқын болашақ» атты аудандық пікірсайыс өтті.
Оның мақсаты – жастардың бойында патриотизмді қалыптастыра отырып, жауапкершілікті сезіне білуге дағдыландыру, туған өлкеге деген шынайы сезімді қалыптастыру болатын.
Берілген тапсырманы дұрыс әрі тез орындауға тырысқан әр команданың ойында жеңіске деген талпыныс болды.
Нәтижесінде «Сәулет» мектеп-лицейінің «Жебе» фракциясы І орынды иеленсе, ІІ орын «Шежін» мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің «Нысана» фракциясына бұйырды. Ал ІІІ орынды «Оян» мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінен қатысқан «Элита» фракциясы еншіледі. Одан бөлек, «Дебаттық креатив» аталымына Мерей жалпы орта білім беретін мектебінің «Құйын» фракциясы қол жеткізсе, «Үздік спикер» аталымын «Сәулет» мектеп-лицейінің мұғалімі Еламан Масел жеңіп алды. Ал «Үздік төреші» «Мереке» мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің мұғалімі Исмагулов Серікке бұйырды.
Дебаттың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Назгүл Серікқызы
Тасқала ауданы