6.10.2024, 8:30
Оқылды: 39

Тасқалада референдум учаскелері жұмысын бастады

Бүгін – еліміздің тарихында маңызды күн ретінде есте қалары сөзсіз. Бұл күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен атом электр станциясының құрылысы мәселесі бойынша референдум өткізіліп жатыр. Президент 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында осы маңызды шешімді қабылдау үшін референдум өткізуді ұсынған болатын, ал 6 қазан — ел тағдырын анықтайтын маңызды күн болып отыр.

IMG_3558

Таңғы сағат 7:00-де барлық 22 референдум учаскесі өз есіктерін айқара ашты. Аудандағы 133 комиссия мүшесі таңертеңнен бастап азаматтарға қызмет көрсетуге дайындықтарын пысықтап, жұмыстарын бастап кетті. Сайлау процесін 40 байқаушы бақылауда. Әр учаскеде ашылу салтанаты  еліміздің әнұранымен салтанатты түрде басталды.   Аудан халқының референдумға белсенді қатысуы тұрғындардың ел болашағына деген үлкен жауапкершілігін көрсетеді. Жалпы аудан бойынша дауыс берушілер саны 10 603 адамды құрайды, бұл маңызды күнде әрбір азаматтың дауысы елеулі рөл атқаратыны сөзсіз.
Референдумға алғашқылардың бірі болып аудан әкімі Талғат Шакиров келді. Ол өз таңдауын жасады №330 референдум учаскесінде жасады. Ауыл тұрғындары да белсенді түрде дауыс беруге ағылды.

IMG_3594

Дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады, бұл уақыт ішінде әрбір аудан тұрғыны өз таңдауын жасап, азаматтық борышын өтей алады. Бүгінгі референдум тек бір күндік шара емес, ол еліміздің болашағын, оның ішінде энергия көздерін қалай дамыту керектігіне байланысты маңызды шешім. Әсіресе, ауыл халқы өздерінің еліміздің өркендеуі жолындағы рөлін айқын түсініп, бұл маңызды қадамға үлкен жауапкершілікпен қарап отыр.

IMG_3589

Осылайша, аудан бойынша барлық референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалған. Азаматтар өздерінің дауысын беріп, ел болашағына деген үмітін көрсетуде.

«Атом электр станциясы еліміз үшін стратегиялық маңызды жоба болып саналады. Қазіргі таңда әлемдік энергетикалық дағдарыс жағдайында елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндеттердің бірі. Бұл ретте АЭС құрылысы еліміздің тұрақты энергия көздерін дамытуға және тәуелсіз энергетикалық инфрақұрылым қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Бұл жоба Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетіні анық. Өз таңдауымды жасай отырып, Қазақстанның болашақтағы энергетикалық және экономикалық даму жолын қолдайтынымды білдіргім келеді», - дейді ауыл тұрғыны Талғат Ғабдуллин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале