«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық төтенше жағдайлар қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандық «Қазақтелеком», Тасқала ауылдық округі мамандарының қатысуымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты акция аясында ашық люктардың болуы, аулаларды жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігі белгілерін тексеру мақсатында Тасқала ауылында рейд жұмысы ұйымдастырылды.
Рейд барысында жазғы демалыс кезінде балалар көп жиналатын ойын алаңдарының, «Street workout» алаңдарының жазғы кезеңге дайындығы, люктардың қақпақтары мен жол ережелерін сақтау белгілері тексерілді. Тексеріс барысында кейбір мекемелерге ашық люктарға және кәріз құбырларының қақпақтары стандартқа сай болмауына байланысты ескертулер жасалып, жоюға уақыт берілді.
Н.Таңатарова,
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының
есепке алу және статистика меңгерушісі