4.06.2021, 16:04
Оқылды: 68

Тасқалада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Жуырда Тасқала аудандық демалыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті. Қаншама қыршын өмір қуғынға ұшырап, лагерьлер мен түрмелерге отырғызылды. Қаншама адам ішкі істер комиссариаты қабырғасында ешбір себепсіз атылды. Кінәсіз жандарға тағылған «халық жауы» деген ақылға сыймайтын айып таңбасы 50-жылдардың соңында ғана алынды. Жазықсыз жала жабылып, құрбан болған, халқы үшін аянбай тер төккен тарихтың ақтаңдақ беттерінде ұлы тұлға болып қала беретін көптеген аға-апаларымыздың рухына тағзым ете отырып, Құран бағыштау – біздің міндеміз.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Аудандық мешіттің бас имамы Құлтөре Нажмитдинов саяси қуғын-сүргін құрбандарына бағыштап Құран оқыды. Сонымен қоса Мұрат ата мен Ұлмекен әже де өз тілектерін айтып, өткен күннің зардабы туралы әңгімелеп, «Өткен дәуір зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау – ұлт алдындағы азаматтық парыз екенін естен шығармайық», - деді.

Шара соңында А.Маханов пен М.Аманғалив «Күй шашу» күйін тарту етті.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале