Тасқала аудандық мәдениет үйінде қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Кино әуендері» атты сазды кеш ұйымдастырылды.
Кешіміздің арнайы қонақтары - мүмкіндігі шектеулі жандарға - қазақстандық киноматографтың алтын қорына енген жарқын да қызықты, ұмытылмас кинофильмдер түсірген шоқтығы биік ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Бүгінгі күнге дейін көрермендердін үлкен сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» сынды фильм үзінділері леd-экран арқылы ұсынылды.
Сонымен қатар, «Транссибирский экспресс» фильмінде Шакен Айманов өзі шырқаған «Жиырма бес» халық әнін бейнеролик арқылы тамашалады. Айбек Кахов «Гүл Алматы», Тимур Тапалов «Слышишь»,Әсия Тоқсанова «Абзал ана» әндерін орындады. Аталмыш шараға кітапхана және мәдениет қызметкерлері қатысты.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы