Айта кетейік, ойын ардагерлер мен орта жас және жастар арасындағы топтардың ортасында өтті. Жарысқа 16 команда қатысып, бақтарын сынады.
Жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықпен марапатталды. 1 орынға 50 мың теңге болса, 2 орынға 30 мың, ал 3 орынға 10 мың теңге тігілді.
Волейбол ойыны бойынша ардагерлер командасынан жүлделі 1 орынды 1982 жылғы түлектер жеңіп алса, 2 орын 1973 жылғы, ал 3 орын 1980 жылғы түлектерге бұйырды.
Орта жастар арасында 1 орын 1988 жылғы түлектерге бұйырса, 2 және 3 орын тиісінше 1983 пен 1985 жылғы түлектердің еншісіне тиді.
Ал жастар арасында жүлделі 1 орынды 1992 жылғы түлектер жеңіп алса, 2 орын 2005 жылғы, 3 орын 2004 жылғы түлектер командасының қанжығасында кетті.
Футбол ойыны бойынша ардагерлер арасында 1 орын 1976 жылғы түлектердің командасына бұйырса, 2 орынды 1980, 3 орынды 1973 жылғы түлектер өзара бөлісті. Орта жас бойынша 1990 жылғы түлектер жақсы ойын өрнегін көрсетіп 1 орынға қол жеткізсе, 1989 жылғы түлектер 2 орынға жайғасты.
Ал 1988 жылғы түлектер 3 орынды місе тұтты. Жастар арасында 2004 жылғы түлектер 1 орынды, 2000 жылғылар 2 орынды иеленсе, 2005 жылғы түлектер жүлделі 3 орынға табан тіреді.
Аталмыш турнирдің өтуіне Нұртай Сәпиұлының өзі демеушілік танытты. Ойын барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашып, шараның әдемі өтуіне мұрындық болды.