13.12.2023, 23:15
Оқылды: 33

Тасқалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жиын өтті

Бүгінгі таңда елімізде отбасы институтының беделін арттыру, нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Дегенмен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырағандар саны азаймай тұр.

шара дк (2)

Отбасындағы жанжалдан басталып, зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Осы орайда Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының акт залында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді.

Аудандық аналар кеңесінің жетекшісі Майра Нұрмақова төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, «АMАNAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тұрмыстық зорлықзомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» директорының міндетін атқарушы Мариэтта Даулетиярова, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Диляра Сатарова, БҚО ҚХА аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «АMАNAT» партиясы облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімі консультанты Жанар Жұмағазиева, БҚО ҚБД «Қоғамдық келісім» әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің аға кеңесшісі, аналар кеңесінің жұмысын үйлестіруші Гүлбақша Габдуллина, «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова, жауапты мамандар, ауылдық аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Жиынның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлықзомбылықпен күресу жолдары мен дағдарыс орталықтары туралы кеңінен талқылау. Яғни жиында әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау туралы кеңінен айтылып, бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Оның ішінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы, тұрмыстағы зорлықзомбылықтың алдын алу үшін жүргізілетін профилактикалық жұмыс, отбасы мәселелері, психикалық зардап шекендерге көмек, қылмыстық іс-әрекетті болдырмау төңірегінде ой өрбіді.

шара дк (1)

Басқосу соңында «Ақ орамал» акциясы аясында көпбалалы аналарға ақ орамал тарту етілді. Сондай-ақ «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Отбасымен пісірген ас» атты аудандық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале