5.07.2024, 15:48
Оқылды: 221

Тасқалада Ұлттық домбыра күні қалай тойланып жатыр?

Домбыра – қазақтың ғасырлар толқынына жасырған шежіресін сақтап келген ұлттық аспаптың бірі. Қуанышы мен жұбанышы, қайғысы мен мұңында да қазаққа киелі домбыра серік болды. Шілде айының алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Осы орайда бүгін Тасқаладағы Абай алаңында «Аmаnаt» партиясының ұйытқы болуымен, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – қазына» атты мерекелік шара өтті.

2F33DDE4-C325-4C13-8BC6-3DEE469E1EA8

Оған қатысқан аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева барша жұртшылықты Домбыра күнімен құттықтады.

BB52C031-BA61-4A69-A3E0-2723B6E7A0B7

«Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуы тиіс. Ұлттық домбыра күні – рухани жаңғырудың әдемі көрінісі. Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуныш, құт-береке тілеймін», - деген аудан әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы бір топ мәдениет саласының қызметкерлеріне алғысхат табыс етті.

31961A7F-4629-41BA-B1F0-4D6EA6AB7E1B

Шара  барысында 100 домбырашы бір мезетте ұлттық аспапта «Адай» және «Балбырауын» күйлерін ойнап, домбыраның күмбірлеген үнімен көрерменді ерекше әсерге бөледі.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы          

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале