13.08.2024, 16:30
Оқылды: 145

Тасқалада ұстаздар «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып жатыр

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «AMANAT» партиясы  оқушылар мен студенттердің сауаттылығын арттыруды қолға алуда.

F0A809B0-5C72-4128-BF1C-B5873C71E355

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігіне тоқталып, Үкіметпен бірлесіп, бүкіл ел бойынша оның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын.

Осыған орай Сәулет мектеп-лицейінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды. Аталмыш шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, Тасқала аудандық «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Касимова мен жоба менторы Назгүл Шарафеддинова қатысты.

468BA5AA-2EC0-46B0-A206-E88FCCED7A96

Ұстаздар қауымы арасында ұйымдастырылған оқытуға аудан бойынша 50 мұғалім қатысты. Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің  орынбасары Саягүл Мәулетқызы жобаның мақсатына тоқтала келіп, оқуға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл жоба осыған дейінде ауданымыздағы барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, білім алған бірнеше адамға  арнайы сертификат тапсырылған болатын. Ал жобаға қатысушылар оның тиімділігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале