3.07.2024, 17:30
Оқылды: 51

Тасқалада үздік балықшы анықталды

Мерей ауылдық округінде «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Алтын балық – 2024» сайысы өтті.

4ECD9934-61BD-4699-A04C-B3F4D8564F18

Әуесқой балықшылар арасындағы жарысқа 18 балықшы қатысты. Үш сағатқа созылған сайыста олжаға кенелген балықшылар төмендегідей нәтиже көрсетті. Жүлделі І орынды Мирлан Киреев жеңіп алса, ІІ орын Құрман Әлмұханбетовке бұйырды. Ал ІІІ орын Исабек Киреевтің қанжығасында кетті.

97C9F233-D313-4B7F-9F9F-F48E0A51C12E

Ерасыл Мақсот «Бүгін – сенің күнің», Әмір Исмағұлов «Ең жас қатысушы» аталымдарына ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтар мен дипломдар табыс етіліп, ұйымдастырушылар барлық балықшыға шынайы алғыс білдірді.

Назерке Шайхоллақызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале