13.09.2024, 12:30
Оқылды: 53

Тасқалада халықтық штаб мүшелері ардагерлермен кездесті

«AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының, сондай-ақ, аудандық халықтық штабтың төрағасы Люция Жұбанышқалиева бастаған топ аудандық ардагерлер үйінде болып, медицина, білім, мәдениет саласының ардагерлерімен кездесті. Алдымен сөз алған Люция Әсетқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының мақсатын түсіндіріп, оның әр бөліміне арнайы тоқталды.

08ACE108-9F46-4BE1-ADD6-E284C112A917

Әсіресе «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» бағдарламалары аясында ауқымды жұмыстардың қолға алынып, өз нәтижесін беріп жатқанын тілге тиек етті. Одан әрі ардагер ұстаз Бақтығұл Тасмағамбетов өз ойын ортаға салып, әсіресе 6 қазанда өтетін референдумға арнайы тоқталды. АЭС жобасының тиімді жақтарын айтты.

«Басқа елдер секілді бұл – ұзақ жылдардағы табысты дамудың кепілі болатын серпінді жоба. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үлкен жобаны халықтың таңдауына салып жатыр деген ойдамын», - деді Бақтығұл Жұмажанұлы өз сөзінде.

Кездесу барысында әр ардагер өз ойын ортаға салып, алдағы өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасаймыз деп сенім білдірді. Одан бөлек өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале