2.04.2025, 15:30
Оқылды: 165

Тасқалада жайдарман маусымашары өтті

Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жайдарман ойындарының аудандық лигасының маусымашары және 1/8 финалдық кезеңі өтті.

Жайдарман 11

Шара аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Маусымашарды республикалық деңгейдегі ойындарда өңір намысын қорғап жүрген, «Жұдырық» жайдарман тобының ойыншысы Саян Сырым жүргізді. Көңілді кешке қатысқан командалар әзілдерімен көрермендерді тәнті етті.

Жайдарман22

Жайдарман ойындарына он команда қатысып, тартысты бәсеке өрбітті. Әділқазылар алқасының шешімімен барлық команда келесі кезеңге жолдама алды. Олар екі топқа бөлінді «А» тобына мерекелік  «Қысқа нұсқа», Теректі ауданынан келген «Госплемстанция» мен «Куә бол» және жаңақалалық «Атмосфера» ақтаулық «Ойыс» командалары кірсе, «Б» тобына Айнабұлақ елді мекенінен келген «JasStars»,  теректілік «Назар» және  «Бикеш», сондай-ақ,  Мерей ауылынан келген «Мерей» мен  Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің «Фаворит» командалары бар.

Жайдарман 33

Келесі кезеңде командалар арасында бұданда қызық тартысты бәсеке болатыны сөзсіз. Олай болса барлық командаларға сәттілік тілейміз!

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале