1.08.2024, 11:15
Оқылды: 169

Тасқалада «Жайлау – қазына» жобасы басталды

Қазақ – табиғатпен біте қайнасқан халық. Дана халқымыз кез келген атаулы күнді, мерекені сол табиғатпен үйлестіріп, қоршаған орта ыңғайына қарай жасауға тырысқан. Жазық дала, киіз үй, ұлттық тағамдар дегенді естігенде көз алдымызға ауыл мен жайлау елестейді. Әйтсе де, ұлттық ерекшелігімізді байқай алатындардың саны азайып барады. Соған орай «Жайлау – қазына» атты жоба ұйымдастырылды.

D61A0038-0D64-41D7-BD86-142B45718348

Ел экономикасының тірегі ауыл шаруашылығы екені анық. Ынтымақ ауылы – төскейі төрт түлік малға, етегі егінге толы, ынтымағы жарасқан киелі құт мекен. Бүгінгі «Жайлау – қазына» атты мерекесі Достық ауылына қарасты Ынтымақ ауылында басталып отыр. Жобаның мақсаты – қазақтың ұлттық ойындары мен ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ, ұлттық киімдерді насихаттау.

FDF83F00-060E-4C8D-9B45-217F30E6AF7D

Киіз үй құрылып, әжелеріміз жүн түтіп, кішкентайларымыз тоғызқұмалақ ойнады. Дастарқан жайылып ұлттық тағамдарымыз бауырсақ, қаймақ, құрт қойылды. Барша ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері келіп аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Жобаға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, Достық ауылының әкімі Асхат Сапаров және ауыл тұрғындары қатысты.

239F7F94-24C4-4212-8295-890069A285FA

Алғашқы сөзді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан мен Достық ауылының әкімі Асхат Сапаров алып, барша ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді.

«Қазағымыздың кең байтақ даласында қазір тәуелсіздік алғаннан кейін мал бағу, егін егу өте қарқынды дамып келе жатыр. Бала кезімізде сабан той деген болатын еді, сол секілді егіс даласында мал бағып жүрген малшыларға концерт беру бағытында, соны мақсат қыла отырып жаңа жоба, ұлттық жоба десемде болады «Жайлау – қазына» деген тақырыпта алып жатырмыз. Жайлау – қазақтың қазынасы. Сондықтан, ауылдық елді мекендердің ең шалғай қалған ауылдардағы қожалық қызметкерлерінің басын қосайық, ұлттық киім кию үрдісін дәріптейік, қазақтың ұлттық ойындарын балаларымызға насихаттайық деген бағытта концерттік бағдарламамен келіп жатқан жайымыз бар. Бүгінгі шарамыз Достық ауылына қарасты Ынтымақ ауылында бастау алып, содан қыркүйек айының 25-і жұлдызында Оян ауылының Кеңжайлау елді мекенінде өзінің нүктесін қоятын болады. Бұл – егіс бітік шықсын, мал-жан көбейсін, барша малшылармен, егіншілермен біз біргеміз деген мақсатта өнер адамдарының ұйымдастырып отырған жаңа жобасы. Бұл жоба тоқтап қалмайды. Әрмен қарай жыл сайын көп бармайтын жерге барып, өзіміздің ат басымызды тіреп жаңағы аудан басшылықтары қолдағаннан кейін, аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Ибраһим Ғилманұлының айтуымен осындай шалғай елді мекенге келдік. Ең бастысы халыққа жақсы көңіл-күй сыйлау», - дейді аудандық мәдени демалыс орталығы директорының міндетін атқарушы Данабек Алжекенов.

Назерке Шайхолла

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале