Биыл Тәуелсіздігімізді алып, егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Бүгінде Қазақстан әлемдегі дамыған елдердің қатарында. Халқымыз ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
2021 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға бес жанр бойынша, яғни танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды.
Тасқала аудандық балалар кітапханасы жас жеткіншектерге адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, көркем әдеби кітаптарды оқуға баулу мақсатында «Таңдалған кітаптарды бірге оқиық!» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрме жұмысымен Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушылары танысты.
Көрмеге балалар әдебиетінің классиктері Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Марат Қабанбаевтың «Жиһангез Тити», Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетовтің «Бар болғаны он төрт жас» т.б, кітаптары қойылды. Көрме арқылы оқырмандар балалар авторлары туралы, олардың өмірбаяндары мен кітаптарының мазмұндарымен танысты.
С.Иманғалиева,
Тасқала аудандық балалар
кітапханасының кітапханашысы