9.10.2024, 22:00
Оқылды: 139

Тасқалада жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өтті

Бүгін Тасқала ауданындағы Қ.Сатбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Рухани құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Аталған шараға «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі, оқытушысы Данияр Мейірбеков, аудан прокуроры Алмас Унаев, сондай-ақ 10-11 сынып оқушылары қатысты. 

IMG-20241009-WA0006

Кездесу қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, жастарды теріс ағымдардан сақтандыру және олардың болашақта дұрыс жол таңдауына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуде жастардың болашаққа деген нақты мақсаттарының болуы, мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы мәселелер де қозғалды.

IMG-20241009-WA0003

Алғашқы болып сөз алған Данияр Мейірбеков діни сауаттылықтың қоғамдағы рөліне тоқталып, Ислам дінінің негіздері мен рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсіндірді. Ол оқушыларға дұрыс емес діни ағымдардың жетегінде кету қаупі туралы ескертіп, өздерін қорғаудың жолдарын тілге тиек етсе, аудан прокуроры Алмас Унаев интернет кеңістігінде таралып жатқан радикалды идеялардың жастарға тигізетін қауіпі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, құқықтық сауаттылық пен заңды білу жастарды теріс жолдардан сақтандырады.

IMG-20241009-WA0004

Осы тақырып аясындағы тағы бір кездесу аудандық аурухананың акт залында өтті. Бұл кездесуге аудандық аурухана қызметкерлері қатысты.

IMG-20241009-WA0002

Данияр Мейірбеков қазіргі қоғамда діни уағызды білім жетпеседе үйретуге тырысатындарға тоқталып, әрбір маманның өз саласында жауапкершілікпен жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ, рухани құндылықтар мен дәстүрлердің медицина саласындағы маңызын атап көрсетті.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале