Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев жеке кәсіпкерлер З.Оразалиева мен Т.Зайниевті қабылдады.
Қабылдау барысында З.Оразалиева аудан басшысына өзі ашқан «Райымбек» жанармай құю бекетінің жеріне берілген мемлекеттік акттің дұрыс берілмегенін айтып, мәселені шешіп беруді сұрады. Ал, Зайниев заңсыз жүрген таксистердің жұмысын тоқтатумен қатар, жанармай бағасының қымбаттауына байланысы қалаға қатынайтын такси қызметінің бағасын жүз теңгеге (бұрын 700 теңге) көтеретіндіктерін айтты.
Сұрақтарды мұқият тыңдаған С.Әлиев З.Оразалиеваға мәселені тиісті мекеме басшысы арқылы қарастыратындығын жеткізді. Сондай-ақ заңсыз жүрген таксистердің жұмысын тоқтату үшін ішкі істер бөлімімен сөйлесетінін айтып, жолақыны жүз теңгеге көтеруге қарсы емес екендігін, алайда аудан тұрғындарын алдын-ала хабардар ету қажеттігін алға тартты.
Е.ЕЛЕКЕНОВ,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz