11.03.2021, 18:09
Оқылды: 98

Тасқаладағы мектеп кітапханасында коворкинг орталығы ашылды

Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің кітапханасы заманауи құрылғылармен жабдықталып, коворкинг орталығы ашылды. Орталықты ашудағы басты мақсат - кітапхананы оқушылар үшін зияткерлік демалыс орнына айналдыру.

967D5B5B-4E68-4A92-80C2-EDF567C49744

«Коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Кітапхана бірнеше алаңға бөлінген: ойын, білім, ғаламтор, өлкетану және кітап оқу.

Ойын алаңы қажетті құралдармен жабдықталған. Білім бөлімінде керекті ақпараттарды таба алады, кітапхана қоры ғылыми-танымдық әдебиеттермен, анықтамалықтар, қазақ және әлем әдебиетінің көркем шығармаларымен толықтырылған.

B89D1F90-8983-458B-B9DE-0EDBF21EAE54

Білім бөлімінен оқушылар ой-өрісін, қызығушылығын дамытуға арналған әдебиеттерді таба алады.

Ғаламтор бөлімі компьютерлермен жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылған. Ғаламтор бөлімінде әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтеді, ғылыми жобаларға, олимпиада, жарыстарға қажетті қосымша ақпаратты қолдануға толық мүмкіндік жасалған. Wi-Fi аймағы ұйымдастырылып, вебинарлар өткізіліп тұрады, электронды деректер қоры құрылуда.

C07399B1-80A4-4ACA-A5D1-896A76B1EDE0

Еуропалық кітап оқу тәжірибесінен алынған кітап оқу алаңында балалар жұмсақ дивандарға отырып, кітап оқиды, демалады, оқыған кітаптары бойынша өз ойларымен бөліседі, талдайды.

«TASQALA» өлкетану алаңы «Әдеби Ақжайыққа» арналған. Жайық қаламгерлерінің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру мақсатында жабдықталды.

Кітапханалар жұмысын жаңартып, іске қосу үшін жергілікті бюджеттен 1500000 тг қаржы жұмсалды.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале