1.05.2024, 0:00
Оқылды: 49

Тасқаладағы таңғажайып би әлемі

Би – сұлулық тұнған әлем, адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Өнерпаздардың  өнерге деген сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.

IMG_3878

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында 29 – сәуір халықаралық би күніне орай «Таңғажайып би әлемі»  аттты би ұжымдарының фестивалі өтті. Шараға 13 би тобы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында сөз алған аудандық мәдени демалыс орталығы басшысының орынбасары Данабек Алжекенов барша қатысушыларды атаулы күнмен құттықтады.

IMG_3890

«Сіздерді бүгін халықаралық би күнімен шын жүректен құттықтаймын. Аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінің би үйірмелеріне балаларыңызды қатыстырып жүргендеріңізге көп рахмет. Би бой түзейді дейміз, баланы сымбаттылыққа шақырады, сахна төріне шақырады деп жатамыз. Осындай үлкен сахналардан көріне беріңіздер»,-деді өз сөзінде Данабек Алжекенов.

IMG_3883

Фестивальде үлгілі «Қиялдан» би ансамбілі, «Айкөркем», «Айжұлдыз» би топтарының жетекшілері Маягүл Сариева, халықтық «Жібек жолы» би ансамблінің жетекшісі Малика Ерғалиева, «Гүлдәурен» және «Еркем ай» би тобының жетекшісі Ақырыс Абдрахманова, «Айым» би тобының жетекшісі Ранида Иманғалиева, «Еркем ай» би тобының жетекшісі  Динара Жазықбаевалар алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

IMG_3906

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале