Тасқала ауданында ел жадында айрықша орны бар, құрметті қария Абдуғалиев Нәсіп Мұханғалиевтің 100 жылдық ы аталып өтті.

Осы айтулы датаға орай аудан әкімі Талғат Шакиров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков ғасыр жасаған қарияның шаңырағына арнайы барып, ел атынан ақжарма тілектерін жеткізді. Құттықтау барысында аудан әкімі Талғат Асқарұлы қарияның өмірлік тәжірибесі мен парасатын ерекше атап өтіп, оның ғибратқа толы ғұмыры жас ұрпақ үшін үлкен мектеп екенін тілге тиек етті. Содан соң, ғасыр жасаған қарияға мықты денсаулық, көңіл тыныштығын тілеп, құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы