Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында «Азаттық аңсаған Ғұмар Қараш» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Аталған байқау облыстық дін істері басқармасының тапсырысы негізінде жүзеге асты.
Оған мектептен тыс жұмыс орталығы жанындағы «Драма» үйірмесінің оқушысы Арнұр Жұмабай қатысып, екі кезең бойынша 15 қатысушының арасынан бас жүлдені жеңіп алып, 200 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Жетекшісі – орталықтың қосымша білім беру педагогі Қамбар Рахметов. Келешегінен көп үміт күттіретін талантты шәкірттің алар асуы мол болып, жетістігі көбейе бергей.
Назерке Шайхоллақызы
Тасқала ауданы