Жуырда Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімдігінде марапаттау рәсімі өтті. Ауданда әр салада еңбек етіп жүрген өз салаларының майталмандарын аудан әкімі А.Халелов құттықтады.
‑ Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Сол күні көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Әрқайсыңыз, қай салада болмасын адал қызмет етіп, еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз зор. Сіздерге алғысымыз шексіз! Аталмыш мерекеге орай баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, - деді аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы өз сөзінде. Аудан тұрғындарына зейнеткер, әлеуметтік саланың үздігі Раушан Мусалимова, Салауат Қаратаевтар өз лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ айтулы мереке күніне арналған мерекелік шарада еселі еңбектерімен көрінген әр саланың мамандары арнайы марапатқа ие болды. Қазіргі таңда елдің дамуына зор үлесін қосып жүргендер мен кезінде еңбек майданында маңдай терлерін төккен зейнеткерлер де марапат төрінен табылды.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz