13.06.2024, 18:00
Оқылды: 55

Тасқалалық түлектерге «Алтын белгі» табысталды

Бүгін Тасқала ауданында «Алтын белгі» иегерлері марапатталды.

8BF0941C-6EB6-4800-955A-4F633082E56C

Салтанатты жиынға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева мен мектеп басшылары және ата-аналар қатысты.

Бүгін – Республика бойынша «Алтын белгі» табыстау күні. Қазіргі таңда аудан бойынша 145 шәкірт үлкен өмірге қадам басып отыр.

Оның алтауы «Алтын белгі», 12 «Үздік аттестат» иегерлері. Мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған оқу озаттарын аудан әкімі құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.

«Ауданымыздың мақтанышы, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп «Алтын белгі» иегерлері атанған жас түлектерді мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама ретінде аттестат алу мерекелеріңіз құтты болсын! Алда үлкен сынақ ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. «Білімді ұрпақ – ел болашағы» дегендей, барша жас түлектерді сол сыннан мүдірмей өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Туған жеріміздің мәртебесiн арттыратын сіздерсiздер, жас түлектер! Жоғары білім алып, Отанымыздың білікті маманы ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенемін. Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына. Сіздер ізденудің алғашқы баспалдағын аяқтап, келесі биік сатыларына аяқ басқалы тұрсыздар. Қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін. Қымбатты жас түлектер, үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын. Тәуелсіз еліміздің абыройын асырып, биік белестерге жете беріңіздер! Барлығыңызға ақ жол, сәтті сапар тілеймін», - деген аудан басшысы «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады.

3408AC6A-E8C6-4261-A09B-149494087648

Атап айтсақ, «Сәулет» мектеп лицейінен Ақбаян Саркенова, Қайсар Баймағамбетов, Аружан Хамитова «Алтын белгі» иегері атанса, Мереке мектеп-бөбекжай балабақша кешенінен Азиза Фазоллина, Гузель Маюкова сол қатардан көрінді. Шежін мектеп-бөбекжай балабақша кешенінен Аяна Жұмашева да салтанатты кеште марапатталды.

Шара барысында ата-ана атынан Данияр Бимуханов сөз сөйлеп, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.

«Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қымбатты жас түлектер бүгінгі ерекше күнмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Жас түлектерімізге ақ жол тілеймін. Алға қойған мақсаттарыңа жетулеріңізге тілектеспін. Жас ұрпақты білім жолына салып, балаларымызды осындай деңгейге жеткізген ұстаздарға алғысымды білдіремін. Әрдайым мақтан тұтар шәкіртеріңіз көп болсын. Жанұяларыңыз аман болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер», - деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Салтанатты жиын аудандық мәдени-демалыс орталығының шағын концертік бағдарламасымен мәресіне жетті.

Жас түлектерді үлкен өмір жолына басқан қадамдарымен құттықтай отырып, еліміздің абыройын асырып, биік белестерді бағындыруын тілейміз.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале