14.10.2020, 12:51
Оқылды: 62

Тасқалалық жиырма ардагер «Ақжайық» шипажайында демалмақ

Бүгін ауданның бір топ қадірменді қариялары «Ақжайық» шипажайына демалуға кетті. Осынау үлкендердің алаңсыз ем алып, демалуынаҚарашығанақ мұнайгазконденсатыкен орны демеушілік еткенін айта кеткеніміз ләзім.

Ardager (6)

– Ақсай қаласындағы КПО мекемесіне аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлының өтінішімен ардагерлерге шипажайға демалу үшін жолдама беруін сұраған едік. Сол сұранысымыздың қанағаттандырылғанына қуанып отырмыз. Негізі сәуір айына деп келісілгенімен, елдегі індетке байланысты уақыт кішкене ұзап, бүгінгі күнге келіп тұр. «Сабақты ине сәтімен» деген. Ауданның 20 ардагерін шипажайға шығарып салдық, – дейді аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балықов.

Ardager (4)

Бұрын аудан экономикасының өрлеуіне үлкен үлес қосқан, шипажайға тегін жолдама алған қарияларымыз аудан басшысының бұл қадамына риясыз пейілдерін білдіріп, алғыстарын жаудырды. Қадірменді қарияларды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез бастап алып барды.

Ardager (3)

Болатбек Асқарбекұлы.

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале