Жуырда Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Халықаралық каратэден жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасында жекпе-жек ойындарының ХV – Әлем чемпионаты өтті.
Жарысқа 23 елден 2511 спортшы қатысты. Командылық сайыста Қазақстанның спортшылары І орынды иеленді, ІІ орынды Ресей мемлекеті алса, ІІІ орын Қырғызстан мен IV орын Өзбекстандықтарға бұйырды. Осы жарыста Тасқала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэшілері әдемі ойын көрсетіп, жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, 16 жас аралығында 60 келі салмақ дәрежесінде Гүлназ Мұқашева мен 12-13 жас аралықта 55 келі салмақ дәрежесінде Анеля Нұрболат, Мадина Каратаева жүлделі бірінші орынды иеленіп, Әлем чемпионы атанды. Ал, 25 келі салмақ дәрежесінде Айлин Күйшибаева ІІ орынды иеленсе, Айнамкөз Айнаш ІІІ орынға табан тіреді. 18 жас аралықта 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрдаулет Саматов ІІІ орынды жеңіп алды.
Біз жарыс жеңімпазы Гүлназ Мұқашевамен пікірлескен болатынбыз. «Менің каратэға қызығушылығым артып, онымен 2019 жылдан бастап айналыстым. Қазір жаман емес. Біраз тәжірибе жинап үлгердім. Қазіргі таңда сабағымды да, өзімнің сүйіктті спортым каратэні де қатар алып келемін. Каратэден өткен ХV Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Оған 22 елден келген өзім сияқты көптеген спортшылар қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Әрине, оңай болмады. Қайткенде де намысты қолдан бермеуге тырысып бақтым. Басында қорқыныш болды. Алайда, ойымда ата-анамның үмітін ақтап, алтын алу керек деген мақсат бірінші орында тұрды. Бапкер таңдауда жолым болған жанмын. Жаттықтырушым Нұрдаулет Саматов Ғалымжанұлы Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылының тумасы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Каратэден ІІ ші Дан қара белбеу иегері. Ең алдымен жаттықтырушым Нұрдаулет Саматовқа алғысым шексіз. Тек жаттықтырып қана қоймай өзінің өмірлік ақылын берді», - дейді жас спортшы Гүлназ Мұқашева.
Назерке Шайхолла,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz