24.11.2023, 17:00
Оқылды: 52

Тасқалалықтар «JARTAS» әлеуметтік драма театрының қойылымын көрді

Тасқала аудандық мәденидемалыс орталығында «JARTAS» әлеуметтік драма театрының қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

IMG_0573

Қойылымда жалпы қазіргі қоғамдағы кейбір әкім-қаралардың халық жағдайын емес, тек өз қара басын ойлауы көрініс тапты. Тек өзін емес, халық қамын ойлайтын адал мемлекеттік қызметкер өзінің жанайқайын жеткізгісі келді. Бұл қойылымның басты мақсаты басшылық орында отырғандардың жалпы елдің үкілеген үмітін өшірмеуі керектігі жайлы болды.

IMG_0618

Егер адам баласы өзінің жұмысына адал болса, онда оның өмірі де жақсылыққа толы болатыны белгілі. Театр қойылымына аудан әкімі Талғат Шакиров, мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева және мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі театр ұжымына жылы лебізін білдіріп, келген әртістерге алғысхат табыстады. Керемет өткен қойылымды халық жылы ықыласпен қабылдады. Театр майталмандарының кәсіби қабілеті қойылымнан жарқырай көрініп, көрерменнің көзайымына айналып, халыққа рухани ләззат сыйлап жүргені айқын көрінді.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале