17.04.2024, 0:00
Оқылды: 48

«Тасқын суының 60 пайызын жайылмаларға таратуға болады»

ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Еділ Жаңбыршин, Әділ Жұбанов және Абзал Құспан өңірімізге жұмыс сапары барысында Жайықтың іргесінде орналасқан Бәйтерек ауданының Январцев ауылында болып, су тасқынының алдын алу шараларымен танысты. Бөгет көтеру сынды қорғаныс жұмыстары мен тұрғылықты халық қауіпсіздігі назарға алды.

IMG-20240416-WA0115

- БҚО бойынша 100-ге жуық ауыл Жайық өзенінің бойында орналасқан. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңдағы басты мәселе – Орынбордан келетін судың жолда тек 5 пайызын ғана жоғалтып, 95 пайызы облысқа келіп кіру қаупі. Бұл - Ресейдің қалаларында су қандай деңгейде көтерілді, сол жағдай бізде де қайталанады деген сөз. Орынбор, Орскіні көріп отырып, қамданбауға болмайды. Өңіріміздегі жайылмалар, арықтар есебінен Жайықтың суын жан-жаққа таратып, оны болашақта ауыл шаруашылығына пайдаланатындай етіп, бара жатқан суды 60 пайызға дейін жоғалтуға болады. БҚО-ны аман сақтап қалу арқылы біз іс жүзінде Атырау облысын да тасқыннан қорғай аламыз. Сондықтан да әріптестерімізбен бірге осы жұмыстарды көзімізбен көріп жүрген жәйіміз бар, - деді Абзал Құспан.

IMG-20240416-WA0120

Январцев ауылдық округінің әкімі Абылай Жұмағалиетің мәлімдеуінше, ұзындығы 5 км, биіктігі 2-4 метрге жететін бөгеттің құрылысы таяу күндері аяқталмақ.

IMG-20240416-WA0121

Бөгет басында әскерилер де жұмыстануда. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, бұндай су сонау 1957 жылдан бері келмеген. Ал күні бүгін ауылда 803 үй бар және онда 1203 адам тұрады.

IMG-20240416-WA0118

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале