2.09.2024, 17:45
Оқылды: 6

Тасқыннан сабақ алуға тиіспіз – Жолдау

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

70EFDB6A-7AF8-46A6-8F04-934E1119E684

Сырымдық қарттар, жас мамандар «SJ» жастар орталығына жиналып, Президентті тікелей эфирден тыңдады.

– Аға буынды алаңдататын негізгі мәселе – жастардың болашағына қатысты. Мемлекет басшысы да елдегі экономикалық саясаттың, билікті халық үшін оңтайландыруға бағытталған демократияландыру үдерістердің, әрбір қазақстандыққа еңбек етуге, білім алуға, жалпы дамуға ұсынылған барлық мүмкіндіктің арғы жағында жаңа буынға деген алаң, қамқорлық жатқанын айтты, - дейді Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев.

Биылғы көктем елді әбігерге салды. Тасқын суға халықтың бірлігі тойтарыс берді. Бірақ, су шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелер – жүйелердің азып-тозуы, мамандардың болмауы табиғи апаттың зардабына зардап қосқаны шындық.

Мүсірбек Айташев журналист ретінде бұл мәселені аудандық газеттің бетінде де көтерді.

C655E8AB-5986-4799-AD2E-BE02AAC53093

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ақсаған технология туралы ашық айтты:

– Ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу қажет. Көктемдегі алапат тасқын бүкіл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Сол қиын күндерде біз ынтымағы жарасқан ел екенімізді көрсеттік. Орталық және жергілікті билік өкілдері осы оқиғадан сабақ алуы керек. Қазіргі заманда біз кез келген қатерге дайын болуымыз қажет. Сондықтан қарғын суды жинап, диқандардың қажетіне жарату үшін оны дұрыс сақтай білген жөн. Гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту қажет. Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл – ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мәселе, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе, ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Нақты жұмысқа кірісу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Иә, тасқынның инфрақұрылымға, жеке жанұяларға әкелген шығындарын өтеп бола келдік. Ендігі мәселе – судың басына ие болу, - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале