Жәнібек ауданына 100 жыл толуына және Балалар жылына орай каратэ-до шотокан спорт түрінен аудандық ашық турнир өтті. Жарысқа 6 мен 15 жас аралығындағы жас ұландар қатысты. Байрақты бәсекеге Орал қаласынан да спортшылар келген.

Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Жекпе-жектер әр жас санаты бойынша 2 салмақ түрінен өтті.

«Жастар – қоғамның тегеуірінді күші». Осы ұранды берік ұстанған ұландар жарыс жолында намысты қолдан бермеуге тырысты.

Бұл жекпе-жек өнерінің «Шотокан» түрінде жас спортшылар әдіс-тәсіл, айла, рух мықтылығымен сынға түсті.

Жылдамдықты қажет ететін додада жүзден жүйрік шыққандар арнайы мадақ-марапатқа ие болды.
Ә.Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz