16.12.2021, 23:07
Оқылды: 62

Тәуелсіздік құрдастары -  жеңімпаз

Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылының жастары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ерекше волейбол турнирін ұйымдастырды. 

17

Ауыл балақайларын спортқа баулып, волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру және ұлы мерекені ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған әуедоп бәсекесіне әр жылдары Алмаз топырағында кіндік қаны тамған жастар командалары қатысты.

18

Бұрыннан волейбол мектебі қалыптасқан, талай талантты спортшының томағасын сыпырған шағын ғана ауылдағы жарысқа өңіріміз бен Ақтөбе облысында еңбек етіп жүрген алмаздық жігіттер түгел жиналды.

Тартысты басеке жарысты көрмекке келген көрерменнің көңілінен шықты. Әр ұпай үшін жан алысып, жан беріскен ойыншылар ауылдағы ағайынға нағыз спорт мерекесін сыйлады. Спортшының қимылын қалт жібермей, қиқуға қиқу қосқан жанкүйерлер де волейболшылады желпіндіріп, жігеріне жігер  қосты.

19

Қызықты ойындар қорытындысында 1987 жылы туған жігіттерден құралған команда "Жеңіске деген жігері үшін" аталымын иеленсе, ағаларының алдын ораған 1995 жылғылардың командасы үшінші орын иеленді. Ал финалда кездескен 89-дар мен 91-ші жылғы жігіттер командаларының ойынында Тәуелсіздік құрдастары жеңіске жетіп, ерекше жарыстың жеңімпазы атанды.

Шалғайдағы ауыл азаматтары аталмыш жарысты дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлаған. Сондай-ақ волейболшы отбасылар бәсекесін өткізбек ойлары бар.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале