2.12.2021, 16:40
Оқылды: 212

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі мен «Іс үшін» ҚБ ұйымдастыруымен өткен «Жарқын жүздесудің» бұл жолғы шарасы «Тәуелсіздік құрдастарына» арналды. Әртүрлі мамандық иелері бас қосқан бағдарламаға Новопавловка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Джасыбекова, Федоровка ЖОББМ АӘД пәні мұғалімі З.Қабиев, №2 ауруханасының невропатолог дәрігері А.Сакбаева, Ақжайық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры М.Кенжегарин, мәдениет үйі қызметкері З.Қалмағанбетова және №12 өрт сөндіру бөлімінің автокөлік жүргізушісі, азаматтық қорғау  сержанты Б.Мырзағалиев қатысты.

1E7F8D19-BC41-48E7-B72E-42C43755933D

Меймандарға әннен шашу шашқан Айбек Дәулетқалиев «Жайықтың жастары» әнін орындады. Сұхбат тізгінін ұстаған Ү.Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ - бізден, жауап - сізден» деп кәсіптеріне, өмірлеріне қатысты қызықты сұрақтар қойды. Қонақтар арасынан қонақкәделерін алып келген, З.Гарифоллаұлының  Бейбарыс, Сұлтан атты ұлдары "Батырлар ұраны" әнін шырқаса, мәдени қызметкер З.Маратқызы "Балалық шаққа саяхат " әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. ТЖ көлік жүргізушісі, сондай-ақ өрт сөндіруші Б.Асқарұлы мектеп оқушыларына өрт сөндіру киімін киюден шағын шеберлік сағатын көрсетті.

B27A557D-3614-43B4-8428-6F71DEECF621

Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Жеңісқызы жастарға алғысын білдіріп, аудан әкімі  Тілек Габдушевтың атынан алғысхат табыстады.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале