Теректі ауданы Подстепный ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімінің қолдауымен және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік шара өтті.
Теректі аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушевтің атынан желтоқсан оқиғасына қатысушы М.Таушоваға алғысхат табыс етті.
Сонымен қатар Подстепный ауылдық округінің әкімі Сержан Мадиев те жылы лебізін білдіріп, бірқатар жандарды марапаттады.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Елырыс Елмұрат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz